Мұхамедиұлы мен оның министрлігі қаза тапқан қыздардың отбасына бір күндік жалақысын аударады

Жаңалықтар
4394

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері Астанада өрттен балалары қаза тапқан отбасыға бір күндік жалақысын аударады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Астанада бес бірдей қыз баланың қазасына қатты қапаланып отырмын. Балаларынан айырылып, қанаттары қайырылған отбасына қолдау көрсету керек деп санаймын. Министрлігіміздің ұжымы ақылдаса келе бір күндік жалақымызды аударамыз деп шештік. Әке-шеше, туыстарына шын жүректен қайғырып көңіл айтамын, берік болыңыздар", - деп жазды мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісіндегі парақшасында. 

Еске салайық, 4 ақпанда Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. Өрт шағын баспанада болған, алайда отбасы осы үйде төрт жыл бойы тұрып келген.
  

Kaz.tengrinews.kz  

author

Арыстанбек Мұхамедиұлы

ҚАЙРАТКЕР

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...