Әйгілі америкалық боксшы Майк Тайсон 2005 жылдан бері алғаш рет кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізіп, ж...
9 жасар қызды жасөспірімдер дәрі ішуге мәжбүрлеген
Фото: ЖИ
133
Полиция Атбасарда 9 жасар қызды белгісіз жасөспірімдер дәрі ішуге мәжбүрлеген деген ақпараттың мән-жайынтүсіндірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
9 жасар қыздың дәріден уланғаны туралы ақпарат тарады.
Алғашында қыз белгісіз жасөспірімдер өзін бірнеше таблетка ішуге мәжбүрлегенін айтқан. Алайда полиция бұл мәлімет расталмағанын хабарлады.
Тексеру барысында қыздың басы ауырып, құрбысының кеңесімен дәріні өз бетінше қабылдағаны анықталған. Кейін ол оқиғаның мән-жайы туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат айтқанын мойындаған.
Қыз жедел жәрдеммен ауданаралық ауруханаға жеткізілген. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілген. Қазір баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.