Қытайда әйел өзінің екі ұлын сатып, әлеуметтік желідегі стримерлерге донат пен киім-кешек алуға жұмс...
Ақтауда декретте жүрген прокурорлық қызметкерге ауыр айып тағылды
ашық дереккөзден алынған
Ақтау қалалық сотында Маңғыстау көлік прокуратурасының қызметкері мен оның сыбайласына қатысты қылмыстық іс қарала бастады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Тергеу дерегінше, мемлекеттік қызметші бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы иемденуге әрекеттенді деген айыпқа ілінген. Ол — қылмысты алдын ала сөз байласқан топ құрамында және мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға ретінде жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша жауапқа тартылып отыр.
Айып тағылған кезде күдікті 2024 жылдан бері бала күтіміне байланысты декреттік демалыста болған. Істе тағы бір азамат — О. есімді күдікті бар. Ол да бөтеннің мүлкіне құқық алуға бағытталған алаяқтыққа әрекеттенгені үшін жауапқа тартылуда. Құжаттар сотқа жедел тергеу тәртібімен жолданғандықтан, іс қысқартылған рәсімде қаралуда. 26 қарашада басталған басты сот процесі прокурордың сот жарыссөзіне дайындалу үшін уақыт сұрауына байланысты кейінге шегерілді.
Еске салайық, Бас прокуратураның ішкі қауіпсіздік бөлімшесі мен Маңғыстау облысы ҰҚКД қызметкерлері 9 қарашада күдіктіні алаяқтық жасады деген негізбен ұстаған болатын.