Павлодар облысындағы жағажайлардың бірінде қайғылы оқиға болды. Тұзды көл жағасында демалып жүрген е...
Ақтауда ер адам демалыс кезінде кәуап сүйегіне қақалып, көз жұмды
Фото: Pixabay
481
Маңғыстау облысында 10 мамыр күні табиғат аясындағы корпоративтік демалыс кезінде 56 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ақтаудағы мектептердің бірінің ұжымы Жармыш ауылы маңындағы Аралбай сарқырамасына серуенге шыққан.
Дастарқан басында ер адам кәуаптың сүйегіне қақалып, оқиға орнында көз жұмған. Оған дер кезінде көмек көрсету мүмкін болмаған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның қаза тапқанын растады.