Ақтауда тұрғын үйдің жанындағы газ құбырына түйені байлап қойған (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
664

Ақтаудың 13-шағынауданында түйені бес қабатты тұрғын үйдің қабырғасы жанындағы газ құбырына тікелей байлап қойған. Жануар түсірілген видео қала тұрғындары арасында кең резонанс тудырды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандары учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, жануардың иесін анықтаған. Түйе иесіне уәкілетті орган тарапынан әкімшілік айыппұл салу қарастырылған. Жануарды иесі алып кеткен.

Өңірлік полиция департаментінде хабарлағандай, мал иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Бұл баптың санкциясы 3 АЕК мөлшерінде айыппұлды көздейді – 12 975 теңге.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...