“Көңіл-күйі болмапты”: Танымал актер фильм түсіру кезінде екі қызға тиіскен

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2034

Француз прокурорлары актер Жерар Депардьенің ісі бойынша шартты мерзім мен айыппұл сұрады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, танымал актер фильм түсіру кезінде екі әйелге жыныстық қысым көрсетті деп айыпталып жатыр. 76 жастағы Жерар Депардье 2021 жылғы «Жасыл жапқыштар» фильмін түсіру кезінде сахна дизайнері мен оның көмекшісін қорлаған көрінеді. Актер өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды. Ол сол кездегі көңіл-күйінің нашар болғанын жеткізді. Осы жағдайдан кейін 20-ға жуық әйел Жерар Депардьеден қорлау сөздер естігенін айтты.

Прокурорлар бұл іс бойынша актерді шартты түрде 18 айға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

Сонымен қатар, прокурор актерге 20 000 еуро көлемінде айыппұл салуды талап етті. Сот барысында прокурор актердің құлықсыздығы мен өзіне сұрақ қоюдан бас тартқанын атап өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...