Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде қызды көлік қағып кетті

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
701

Ақтауда 18А шағынауданындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Автокөлік доңғалағының астына 17 жастағы қыз түсті. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Жол-көлік оқиғасы 14 сәуір күні сағат 22:11-де 18А шағынауданындағы автожолда болған.

Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде Toyota Land Cruiser маркалы автокөліктің жүргізушісі 17 жастағы қызды қағып кеткен. Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады ведомство.

Аталған факті бойынша жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Журналистердің бейнежазбада екі қыздың зардап шеккені көрінетіні туралы сұрағына полициядағылар жүргізушінің айтуынша, ол тек біреуін ғана қаққанын, ал екінші қыздың сүрініп құлағанын жеткізді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...