Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жолапатына кінәлі кәсіпкердің соты басталды

Фото: BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

ЖАҢАЛЫҚТАР
628

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы басталады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сот отырысына әзірге жәбірленуші тараптың қорғаушылары Мейірман Шекеев пен Олег Чернов келді. 

Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. 

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2026 жылдың 21 наурызына қараған түні болған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Zeekr жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Кейін оның жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталып, тергеу изоляторына қамалды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...