Ақтөбеде педагог мектеп оқушысын зорлаған

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
743

Жасөспірім қызды зорлаған педагог 15 жылға сотталды. Оқиға Ақтөбеде болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сот мәліметінше, ер адам қыз баланы пәтеріне шақырған. Алғашында екеуі өзара келісіммен жыныстық қатынасқа түскен. Кейін ер адам оны жібермей, қолынан қысып, күштеп шешіндіріп, еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен.

Прокурор сотталушыға 16 жылға соттау жазасын сұрады. Қылмыс жәбірленушінің жауаптары мен сараптама қорытындысымен дәлелденді.

Ол 15 жылға сотталды. Оған қоса педагог болуға және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...