Ақтаудағы оқиғадан тірі қалған жалғыз сарбаздың әкесі не үшін алаңдайтынын айтты

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
3700

Ақтаудағы оқиғадан тірі қалған жалғыз сарбаздың әкесі не үшін алаңдайтынын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

24 қыркүйек Маңғыстау облысында болған қайғылы жағдайдан кейін 17 адамның 3-еуі ғана құтқарылғаны айтылған еді. Оның біреуі жас сарбаз Темірхан А. Сарбаздың әкесі баласы есін жинаған соң оған түрлі сұрақтар қойылып, оқиға туралы не айту керек екенін айта ма деп қорқатынын айтқан. 

“Мүмкін менікі үрей немесе қорқыныштан шығар. Бірақ, балама допрос болған кезде “былай деп айт” деген сияқты қысым бола ма деп қорқамын. Балам өз күшімен жаға жүзіп шыққан. Бірінші кезекте досы Азаматты іздеген. Жарты сағаттай іздеуге көмектесіп, кейін басы айналып отырып қалған. Баланың қолында досының береткасы қалай және қайдан жүргенін білмеймін” - деп айтқан сарбаздың әкесі. 

Сондай-ақ жас сарбаз әкесіне бұл оқиға 2-3 күннен бері жасап, дайындалып жүрген жаттығу екенін де айтқан.

 

 
Посмотреть в Threads