Дубайдағы АҚШ консулдығы маңынан өрт шықты

Фото: Report

ЖАҢАЛЫҚТАР
1109

Дубайдағы АҚШ консулдығы маңында өрт шыққан, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

 Өрт ауыздықталып, зардап шеккендер болмады.

Бұл туралы Дубай үкіметінің баспасөз қызметі X басылымында жарияланған. 

Мәлімдемеге сәйкес, өрт дипломатиялық өкілдік маңындағы ұшқышсыз ұшақтың соққысынан шыққан.

"Өрт сәтті ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ", — делінген хабарламада.