Павлодарлық дәрігер ұшақта адам өмірін сақтап қалды

Фото: Денсаулық Министрлігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
2516

29 желтоқсанда Ташкент - Астана бағытында ұшып келе жатқан ұшақ бортында  жолаушының жағдайы нашарлап, дәрігер әйелдің жанынан бір сағаттан астам уақыт ажырамай, медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Ұшу кезінде жолаушылардың бірі ауырып қалды. Бортта Павлодарлық дәрігер-анестезиолог Мұрат Сүлейменов болды, ол жедел көмекке келіп, жолаушының жағдайын бақылап отырды. 

Бір сағаттан астам уақыт бойы дәрігер әйелдің жанында болып, қажетті көмек көрсетті.

«Экипаждың үйлесімді жұмысы мен Мұрат Сүлейменовтің кәсібилігінің арқасында әйелдің жағдайы айтарлықтай жақсарып, ол жолды жеңіл әрі сенімді түрде жалғастыра алды», делінген хабарламада.

Мұрат Сүлейменов Павлодар теміржол ауруханасында анестезиолог ретінде жұмыс істейді, жоғары біліктілік санатына ие және 28 жылдық еңбек өтілі бар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

18 қаңтар күні таңертең Атырау облысы Теңіз кен орны аумағында орналасқан үшінші буын зауытында өрт...

АЙМАҚТАР

Синоптиктер дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның басым бөлігінде қатал қыс...