Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы Көксу өзенінде жантүршігерлік оқиға болды, деп хабарлайды MADENIP...
Ақтаулық блогер Салтанат қамауға алынды (ВИДЕО)
видеодан алынған скрин
Ақтауда Instagram әлеуметтік желісінде 600 мыңнан астам оқырманы бар танымал блогер алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Тергеу мәліметінше, күдіктілер Қытайдан арзан бағамен тауар жеткізіп беруге уәде етіп, азаматтардан ақша жинаған. Алайда тапсырыс берушілер тауарларын алмаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алдын ала тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер әлеуметтік желілер арқылы Қытайдан тауар жеткізу қызметін жарнамалаған. Олар тапсырыс қабылдап, азаматтардан алдын ала төлем алған.
Алайда уәде етілген тауарлар сатып алушыларға жеткізілмеген. Тергеу нұсқасы бойынша, жиналған қаражат тапсырыстарды орындауға емес, күдіктілердің жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.
Аталған іске Instagram желісінде 600 мыңнан астам оқырманы бар блогердің қатысы болуы мүмкін екені анықталған.
Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі, яғни алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Әзірге зардап шеккен азаматтардың нақты саны мен келтірілген материалдық шығын көлемі жарияланған жоқ. Сондай-ақ ұсталған блогердің жеке басына қатысты толық ақпарат берілмеді.
Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын анықтап жатыр. Күдіктілердің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденгенге дейін олар кінәсіз деп есептеледі.