Динара Сұлтан не себепті бес баласының әкесімен үйлену тойын тым кеш атап өткенін айтып берді. Таным...
Жаңаөзенде ереуілге шыққан жұмысшылар шарттарға келісе алмаса қайта жалғастыратындарын айтты
Фото: ulysmedia.kz
Жаңаөзен қаласындағы "Өзенмұнай" АҚ-ға қарасты "Бұрғылау жұмыстары басқармасы" мекемесінің жұмысшылары ереуілді тоқтатты, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kzтілшісіне сілтеме жасап.
БЖБ мекемсінде оператор болып істейтін Мұратбай Жұмағалиев келіссөз Астанада жалғасатынын айтады.
Оның сөзінше, жергілікті кәсіподақ жұмысшылар арасында белсенді, даудың басынан бастап жүрген 5 адамды іріктеп алмақ.
“Егер қойған талаптарымыз бойынша қолайлы шарттарға келісе алмасақ, ереуілді қайта жалғастырамыз. Қазір келісімге келіп техниканы іске қосып, жұмысты жандандырып жатырмыз” дейді Мұратбай Жұмағалиев.
БЖБ мекемесінің 1000-нан астам қызметкері 12 қараша күні жұмысты тоқтатып, ереуілге шыққан.
Олар ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясына бес талап қойған:
- ӨМГ зейнеткерлері мен денсаулығынан айырылған мұнайшылардың балаларын тікелей штатқа алу;
- Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық мәселесін шешу;
- Ұжымдық шартта 2013 дейін болған дербес еңбекақы төлеу жүйесін қайтару;
- машинистер мен операторлардың дәрежесін көтеру;
- 30% қосымша жалақы тәртібін төлеуді ұжымдық шартқа енгізу.
«ҚазМұнайГаз» наразы жұмысшыларының талабын орындай алмайтынын айтып жазбаша жауап берген болатын.