Ақтаулықтар жылу мен ыстық суға жарымай отыр

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1778

Ақтау тұрғындары әлі де болса жылу мен ыстық суға жарымай отыр. Олардың айтуынша, кейбір аудандарда жылу болғанымен, оның қысымы өте әлсіз, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ulysmedia.kz. оқырмандарының айтуынша, жергілікті билік жылыту маусымына дайын емес екенін көрсетіп отыр.

"Облыс жылыту маусымына нашар дайындалған. Әкімдік әрдайым жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын айтады. Олар сонда жаз бойы не бітірді? ", – дейді оқырмандар. 

Ал әкімдік қазір жылу жүйелеріндегі 35 жарылысты жою бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ақтау қаласындағы көшеде айғай-шу болған бейнежазба тарады. Белгілі болғандай, бір үйдің тұрғындары пәтерлеріндегі жылудың жоқтығына байланысты жолды жауып тастаған. Олар қала әкімімен кездесуді талап етіп, мәселелерін тыңдауды сұраған.

"Біз уәделерден шаршадық. Ертең жылу береміз дейді, бірақ біз үсіп жатырмыз, балаларымыз тоңып жатыр. Сіз, әрине, өзіңіз коттеджде тұратын шығарсыз. Біз шарасызбыз", — деді бір тұрғын.

22 қазанда Ақтау әкімі Абылқайыр Байпақов Маңғыстау облысында 2024-2025 жылғы жылыту маусымына дайындық барысында жылу жүйелерін гидравликалық сынақтан өткізу кезінде 86 ақау анықталғанын мәлімдеді. 

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...

PESTEL

«Қылмыстық чтиво» және «Маска» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал америкалық...