Тұрсынбек Қабатовтың балаларының ағыл-тегіл жылаған видеосы тарады

Коллаж: SN.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
670

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың экс-әйелі Мөлдір Мұқан өзінің желідегі парақшасына жантебірентер видео жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы жазды.

Видеода балалар анасына өз қолдауларын білдіріп, жылап қалғандары байқалады. 

"Қазір бір-бірімізге қатты мұқтажбыз. Жылы сөзімізбен, махаббатымызбен бір-бірімізді емдеп жүрміз. Осындай өзіммен қатар өскен ақылдары дария балаларым барда енді қиналмайтын сияқтымын…

Балалардың не айтқанын салайын ба?", - деп жазды ол. 

Әрқайсысы аналары мен бауырларына жылы сөздерін арнаған.

"Мама, өмірге әкелегеніңізге, бар болғаныңызға рахмет. Біз сізді қатты жақсы көреміз. Сіздің біз үшін еңбек етіп, уайымдап жүргеніңізді білеміз. Киноңыз сәтті болсын. Бізді әрқашан қуантып жүретініңіз үшін рахмет!", - деді олар.  

Ерекше сәт оқырмандардың да жүректерін елжіретті. 

"Оларда шынайы эмоция, өтірік жылай алмайды ғой жандарым, жүректерінен анасын ойлаған", "Баға жетпес байлығын тастап, қалың орманын тастап мықтап адаскан екен бұл азамат", "Әкелеріне өкпелері бар екені , анық көрініп тұр. Жаным үлкен ұл солқылдап жылап отыр", "Сіз – нағыз мықты анасыз!", "Өзегім өртеніп барады...", - деп жазды олар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

22 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давосқа жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...