Ақтөбе облысында әкім өзін-өзі "Құрметті азамат" медалімен марапаттаған

Фото: facebook Светлана Светлана

ЖАҢАЛЫҚТАР
1676

Ақтөбе облысы, Темір ауданының әкімі өзін-өзі марапаттаған. Марапатсүйер әкім өзін ауданның "Құрметті азаматы" медалімен алқалаған. Саламат Аманбаев “Темір ауданының Құрметті азаматы” куәлігіне өзі қол қойған, деп хабарлайды madeniportal.kz Alash.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

Stan.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, өткен жылдың 20 желтоқсанында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы әкімге осы атақты беру туралы ұсыныс жолдаған. Ол 2 күн ішінде қолдау тауып, 22 желтоқсанда комиссия отырысы өткен. “Маңызды мәселе” көтерілген мәслихат отырысына 12 депутат қатысып, қолдай кеткен. Олар 3 күн ішінде шешім шығарып, 25 желтоқсанда марапатты табыстаған.

Депутаттар Саламат Аманбаевқа Темір ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, су тартып, асфальт төсеп, ауданды абаттандырғаны үшін алғыс айтқан.

Саламат Аманбаев аталмыш қызметте 2021 жылдың наурызынан бері отыр.

Айта кетейік, биыл су тасқыны кезінде Темір ауданында 57 үй қирап қалды. Өңір тасқын кезінде 600 миллион теңгеден аса шығынға батты. Сондай-ақ мектеп оқушысының өлімі тіркелді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...