Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды

Фото: Gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
996

Ақтөбе облысының Бесқопа ауылында сот 53 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық істі қарады. Ол келінін зорлады деп айыпталған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz «Диапазон» басылымына сілтеме жасап. 

Қылмыс ер адамның ұлының үйінде болған. Зардап шеккен келіншек 22 жаста. Оқиға жұбайы жоқ кезде болған.

Іс материалдарына сәйкес, ер адам алкогольдік мас күйде болған. Оқиғадан кейін жәбірленуші полицияға арызбен жүгінген. Сот барысында айыпталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.

Алайда сот ер адамның қылмысқа қатысы дәлелденді деген қорытындыға келді. Алға аудандық соты айыпталушыға 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...