Ақтөбе облысында жол апатынан автобус жүргізушісі қайтыс болды

Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

ЖАҢАЛЫҚТАР
2126

Ақтөбе облысында Әйтеке би ауданына қарасты Көрпе ауылы маңында жол-көлік апатынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға салдарынан сол жерде автобустың жүргізушісі бақиға аттанған. Аталған жол-көлік оқиғасы Самара–Шымкент тасжолының Әйтеке би ауданы аумағында болды. Жүк көлігі мен жолаушылар мінген автобус соқтығысқан. 

Өңірдің полиция департаментінің мәліметінше, автобус жүк көлігінің тіркемесіне жанасып, соғылған. Оқиға кезінде онда барлығы 6 жолаушы болған көрінеді. 

Автобус жүргізушісі қарама-қарсы келе жатқан жүк көлігімен арадағы қашықтықты сақтамаған. Салдарынан жүк көлігі тіркемесінің бір бүйіріне соқтығысады. Автобус жолдан шығып кетіп, жүргізуші көз жұмды. Жолаушыларда қандай да бір жарақат жоқ,- деп мәлімдеді Әйтеке би аудандық полиция бөліміндегідер.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...