Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды MA...
Рүстем Жүгінісов резонанс тудырған пікірі үшін көпшіліктен кешірім сұрады
Фото: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі мешіттердің бірінде ер адамның жасөспірім қызға қырындаған сәтіне қатысты видеоға пікір білдірген Рүстем Жүгінісов мәлімдеме жасады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Полиция бұл жағдайды назарға алып, ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырғанын және істің сотқа жолданғанын хабарлады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, өзгеге тіл тигізу, орынсыз сөз айту, әсіресе әйелдерге қолайсыз пікір білдіру ислам әдебіне сай келмейтінін және айыпталатынын баса айтты.
Желіде бұл жағдай қызу талқыланып, қоғам өкілдері түрлі пікір білдірді. Әнші Рүстем Жүгінісовтің: «Қыз бала немесе әйел адам мешітке ағасымен немесе күйеуімен бірге келуі керек» деген пікірі көпшіліктің ашуына тиді.
Кейінірек Рүстем Жүгінісов Instagram парақшасында түсініктеме беріп, эмоцияның әсерімен айтқан сөздеріне өкінетінін жеткізіп, жұртшылықтан кешірім сұрады:
"Бұл жағдайдағы ер адамның әрекеті – айқын қателік. Ал мен өз ойымды қаттырақ жеткізіп қойғанымды түсіндім. Біз зайырлы елде тұрамыз, әркімнің өз таңдауы бар. Айтқан сөздерім үшін көпшіліктен кешірім сұраймын, ешкімді ренжіткім келген жоқ," – деп жазды әнші.