Атасы сыйлаған домбыра: Астанада Димаштың ерекше жәдігерлері көпшілікке көрсетілді

Фото: Dimasnews

ЖАҢАЛЫҚТАР
121

Астанада Ақтөбе облысының шығармашылық күндері аясында әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенге арналған арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге әншінің жеке домбырасы, сахналық костюмдері және жанкүйерлері сыйлаған музыкалық аспаптар қойылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

10–11 қазан күндері Qazaq Creative Hub орталығында өткен шара Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнерін таныстыруға арналды.

Көрменің ең құнды жәдігерлерінің бірі – Димашқа атасы Құдайберген сыйлаған домбыра. Әншінің ұлттық музыкаға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда атасының ықпалы зор болған.

Сонымен қатар көрмеге әлемнің әр түкпіріндегі жанкүйерлер тарту еткен музыкалық аспаптар қойылды. Олардың арасында Димашқа БҰҰ-ның жаһандық ізгі ниет елшісі ретінде гуманитарлық миссияға қатысқан кезінде сыйланған бангладештік мандолина да бар.

Экспозицияның бір бөлігі әншінің Dears деп аталатын жанкүйерлеріне арналды. Мұнда түрлі елдегі тыңдармандары салған портреттер ұсынылды.

Келушілер Димаштың шығармашылық жолын сахналық киімдері арқылы да тамашалай алды. Атап айтқанда, 2017 жылы Қытайдағы Singer жобасында киген қою жасыл костюмі, сондай-ақ 2022 жылы Алматыда өткен Stranger концертіне арнайы тігілген ұлттық нақыштағы киімдері қойылды.

Айта кетейік, көрмені Димаштың әжесі Миуа Низамутдинова да тамашалады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Қытайдан 20 FAW жүк автокөлігін заңсыз әкелу схемасына қатысқан  үш азаматқа қатысты а...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемге әйгілі актер Джеки Чан «Құдайдың сауыты IV» фильмінен кейін Қазақстанмен кино сал...