Мемлекет басшысы Армения премьер-министрін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хаба...
Ғалым Рәбиға Сыздық қайтыс болды
4499
Бүгін ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздық дүниеден озды. Қаралы хабарды А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты естіртті.
Рәбиға Сыздық 96 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ғалымның ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілінің қазақ әдеби тілінің тарихы, Абайдың поэтиккалық тілі, қазақ тілінің поэтикасы, XV–XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар тілі, ортағасырлық жазба ескерткіштер тілінің тарихы мен лексика-грамматикалық құрылымы, текстологиясы, тарихи лексика, лингвостилистика, тіл мәдениеті салаларына арналған. 1972 жылы "Абай шығармаларының тілі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.