Сәбина Алтынбекова ажырасуға не себеп болғанын астарлап жеткізді

Фото: инстаграм парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
1428

Сабина Алтынбекова ажырасқанын айтқаннан кейін оның себебін де тұспалдап айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қазақстанның ең сұлу волейболшыларының бірі бір күн бұрын Instagram парақшасында ажырасқанын хабарлады. Кейінірек ол әйелдің «өмірінде не маңызды, ненің маңызды емес екенін таңдайтынын» баса айтып, жазба жариялады.

«Басқалардың пікірлері өзіңнің пікіріңнен басым түсетін дүниеде - өзіңе адал болу секілді құндылық бар. Бұл жай ғана өз жаныңның мәні ғана емес. Бұл күй өзімшілдік емес, терең махаббат, өзіңе деген құрмет. Ол өзімен-өзі болу үшін рұқсат сұрамайды, мақұлдауды сұрамайды, тартынбайды», - деп жазды Алтынбекова. 

Сонымен қатар, волейболшы ару шынайы құндылық басқа адамдардың бағалауымен өлшенбейтінін қоса атап өтті. 

Қазақстандықтар Алтынбекованы белсенді түрде қолдап, оның өте сұлу екенін еске жарыса жазуда.

«Өзіңе адал бол», «Ажырасқаныңа қуаныштымын, мен сені сүйемін», «Сұлулықтың тамаша үлгісі!», «Сұлу, бақытты бол», «Бір ғана өмір бар, ол сенікі, тек өз жүрегіңді тыңда, басқалардың пікірі маңызды емес», - деп жазды спортшы арудың қолдаушылары мен желі жазылушылары. 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...