Ақтөбеде газ жарылып, 58 жастағы әйел көз жұмды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
413

Ақтөбеде газ жарылысынан 58 жастағы әйел көз жұмып, шаңырағы ортасына түсті. Бүгінде отбасы мүшелері баспанасынан ғана емес, анасынан да айырылған. Қайғыдан қан жұтқан отбасы әділдік іздейді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Sn.kz сайтына сілтеп.

Қазір отбасының баспанасының орнында үйінді ғана жатыр. Қирандылар арасынан марқұмның орамалы табылып, жақындарының жүрегі тағы езілді. Қайғылы оқиға 26 мамырда кешкі сағат алты шамасында болған. Бүлдіршіндер балабақшадан енді келетін кез, отбасы мүшелері сыртта жүрген. Тек садақаға баруға дайындалған 58 жастағы әйел киім ауыстыруға үйге кірген. Бірақ сол кіргеннен қайта шыққан жоқ. Жарылыс әп-сәтте бүкіл үйді қиратып, әйелді үйінді астында қалдырған.

"Есігін ашып үйіне кірген жағдайда болған жарылыс, сол кіреберіс табалдырықта құлаған, аяқ киімін де шешпеген. Телефоны, қолындағы сумочкасы бәрі сол өзінің жатқан жерінен таптық. Ешқандай денесінде жаңағы сынық, шығып кеткен ондай ештеңе жоқ. Тек бастырылып, жан тапсырған", - дейді марқұмның апасы Мейрамгүл Тынымова.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Абай облысында бір тәулік ішінде екі бүлдіршін терезеден құлап кетті. Қайғылы жағдайлардың бірі өлім...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы дәрігерлер бесінші қабаттың терезесінен құлаған төрт жасар баланы аман алып қалып, оның а...