ШҚО-да әйелді тонап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Алтай ауданының тұрғыны...
Бүгін Халықаралық «Жер сағаты» акциясы өтеді
ашық дереккөз
Экологиялық акция барысында әлем тұрғындары бір сағатқа электр қуатын өшіруге шақырылады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бүгін, 28 наурызда, Қазақстан тағы да «Жер сағаты» атты жаһандық экологиялық қозғалыстың бір бөлігіне айналады. Акция жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін өтеді. Биылғы тақырып – елдегі экотуризмді дамыту. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жазды.
Дәл сағат 20:30-да ел бойынша үйлерде, кеңселерде және көшелерде жарық бір сағатқа сөндіріледі.
Акцияның мақсаты – табиғатқа және планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттігіне назар аудару. Жыл сайын акция кезінде елдегі бірқатар нысандардың жарығы символдық түрде өшіріледі. Олардың қатарында:
– «Бәйтерек» монументі,
– «Астана Опера»,
– Әзірет Сұлтан мешіті,
– Тәуелсіздік сарайы,
– «Астана Арена» стадионы,
– «Алау» мұз сарайы,
– «Қазақстан» қонақ үйі,
– әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
«Жер сағаты» – Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) бастамасымен өтетін жыл сайынғы халықаралық акция. Акция барысында WWF адамдарды планетаның болашағына бейжай қарамайтынын білдіру үшін жарық пен тұрмыстық электр құрылғыларын бір сағатқа өшіруге шақырады.
«Жер сағаты» – әлемдегі ең ауқымды экологиялық акция. Оған дүниежүзі бойынша 2 миллиардтан астам адам қатысады, 180 елдегі 7000-нан астам қаланың тұрғындары қосылады. 2026 жылы бұл халықаралық акция 19-рет, ал Қазақстанда 17-рет өткізіледі.
Акцияны қолдау өте оңай: 28 наурыз күні сағат 20:30-да жарық пен электр құрылғыларын бір сағатқа өшіріңіз.