Сот Шымкент-Алматы рейсі ұшағының апаттық трапын ашқан жолаушыға қатысты шешім шығарды, деп хабарлай...
Цифрлық даму министрлігі "Яндекс" сервистеріне қатысты жауап берді
Фото: әлеуметтік желіден
Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі "Яндекс" сервистеріне қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомствоның мәлімдемесінде қазақстандықтардың дербес деректеріне қатысты алаңдаушылықтың еш негізсіз екенін айлған.
"Яндекс“ сервистерінің жұмысындағы іркілістер Қазақстан азаматтары күнделікті пайдаланатын цифрлық платформалардың сенімділігіне қатысты орынды сұрақтар туындатты. Қазақстандық пайдаланушылардың дербес деректерін сақтауға арналған серверлер ел аумағында орналасқан және штаттық режимде жұмыс істеп тұр", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар бұл платформаның толықтай дербес жұмыс істейтінін білдірмейді. Министрліктің мәлімдеуінше, такси және жеткізу қызметтерін көрсетуге қажетті кейбір компоненттер Қазақстаннан тыс жерде орналасқан.
"Сервистердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету пайдаланушылар үшін аса маңызды. Осыған байланысты деректерді Қазақстан аумағында сақтау және цифрлық платформалардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету – кешенді шешімді қажет ететін екі бөлек міндет", – деп атап өтті Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Қазір "Яндекс" сервистердің жұмысын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Министрлік қажетті қолдау көрсету үшін компаниямен және Қазақстанның инфрақұрылымдық ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар жүктеменің артуы жағдайында олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында басқа да такси және жеткізу платформаларымен жұмыс жүргізіліп жатыр, деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.