“Көлігінен шөлмектер табылды”: Қостанай облысында хирург науқасқа мас күйде ота жасаған

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1583

Қостанай облыстық ауруханасы нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісінің жасаған операциясынан кейін науқас қайтыс болған. 61 жастағы ер адам операция үстелінде көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. 

Баласы әкесінің қайтыс болғанын операция бөлмесіне кірген кезде дененің жаймаға оралып жатқанын көргенде білген. Марқұмның туыстары дәрігерді аурухана аумағында тоқтатып алған. Олар дәрігердің мас болғанын айтты. Тіпті көлігінен сыраның бос шөлмектері табылған екен.

Үкіметте өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қостанай облысында ота кезінде науқастың қайтыс болуына қатысты пікір білдірді.

«Ол жерде Фармацевтикалық бақылау департаменті өкілдері жұмыс істеп жатыр. Облыстық полиция департаментінде тиісті іс қозғалды. Тергеу қорытындысы бойынша түсінік береміз. Полиция департаменті нақты мәлімет бермей отыр, бірақ біз өз тарабымыздан маман тағайындадық», - деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...