Ақтөбеде ойнап жүргенде тоқ соққан оқушы жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: orda.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1198

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында 10 жастағы бала скверде ойнап жүріп, тоқ соғып ауыр жарақат алды. Жасөспірім санавиациямен Ақтөбе қаласына жеткізіліп, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға 19 маусым күні Шалқар қаласындағы Ідіріс Үргенішбаев көшесінде болған. Оқушы сквердегі жарық шамының үстіне шыққан кезде тоқ соққан. 

Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидеханов оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

«Бала ойнап жүріп, жарық шамының үстіне шыққан. Бұл сквер 9 мамыр қарсаңында ғана салынған болатын. Көмек дер кезінде көрсетілді. Бүгін таңертең санавиациямен Ақтөбе қаласына жеткізілді», – деді әкім.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...