«Киану Ривзге көмектескім келді»: Қостанайлық қария «танымал актерге» алданып қалған

Сурет: Қостанай таңы басылымы

ЖАҢАЛЫҚТАР
1528

Қостанайлық 62 жастағы әйел алты ай бойы өзін Голливудтың әйгілі актері Киану Ривз деп таныстырған TikTok желісін қолданушымен хат алмасқан, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Қостанай таңы басылымы жариялады.

Әйелдің айтуынша, ол өмірлік қиын жағдайға тап болғанын түсіндіріп, көмек сұрап, оған 400 доллар аударуды өтінген.

Әйел ақшаны шотқа қалай аудару керегін білмегендіктен, ол банкке барауды шешеді. Банк қызметкерлері күдікті жағдайды байқаған. Ол ақша аударғысы келген шот белгісіз ойын компаниясына тиесілі болып шығады.

Қолданыстағы меморандумға сүйене отырып, банк қызметкерлері дереу полицияға хабарлаған.

“Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұл жерге келіп, уақытында әйелді ақша аудармауға көндірді. Әйелмен әңгімелесу барысында полиция бұл алаяқтарға ақша аударудың екінші әрекеті екенін анықтады. Сәуір айының басында ол қаскүнемдерге ақша жібермек болған”, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өтке...