Ақтөбеде парашюті ашылмай қаза тапқан курсанттың өліміне кінәлілер сотталды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
119

Ақтөбеде оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 18 жастағы курсанттың ісі бойынша үкім шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Сот процесі ашық форматта өтіп, оған Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының қызметкерлері қатысқан. Қайғылы оқиға өткен жылдың 15 шілдесінде Ақтөбедегі «Айбын» әуеайлағында болған. Сот материалдарына сәйкес, тексеру барысында майор Нұржан А. курсантты парашютпен секіруге рұқсат берген. Алайда талап бойынша секіру мәжбүрлі ашылу жүйесімен жүзеге асуы тиіс еді.

Соған қарамастан, курсант қолмен ашылатын парашютпен секірген. Бірнеше минуттан кейін шамамен 800 метр биіктікте парашют ашылмай қалған. 2006 жылы туған курсант оқиға орнында көз жұмды. Сот майор Нұржан А. мен кіші сержант Заманбек Т.-ны қызметке салғырт қарау бабы бойынша кінәлі деп таныды.

Нәтижесінде, олар тиісінше 4,5 жыл және 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот Қорғаныс министрлігін марқұмның отбасына моральдық шығын үшін өтемақы төлеуге міндеттеді. Сот шешімімен 20 миллион теңге көлемінде өтемақы өндірілетін болды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық ба...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бұхарада Жасанды интеллект бойынша өтіп жатқан жалпыұлттық х...