Алатау қаласында тұрғын үй өртеніп кетті

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
768

Кеше Алматы облысы, Алатау қаласында орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

 Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Келген кезде екі пәтерлі ағаш тұрғын үйдің шатыры толықтай өртке оранғаны анықталды. Үйдің барлық бөлігі ағаштан тұрғызылғандықтан, жалын жақын орналасқан шаруашылық нысандарына да тараған.

 ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелерінің үйлесімді және шұғыл әрекеттерінің нәтижесінде өрт қысқа мерзімде оқшауланып, толықтай сөндірілді. Құтқарушылар өрттің екінші үйге таралуына жол бермей, оны толықтай сақтап қалды. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өртті сөндіру кезінде су үздіксіз беріліп отырды.

ТЖМ жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...