Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде...
«Ақымақтар»: мектеп бітіруші түлектер аттестаттарын қоқыс жәшігіне лақтырды (ВИДЕО)
Желіде бір топ мектеп оқушылары өз аттестаттарын қоқыс жәшігіне лақтырған видеосы пайда болды. Аз уақыт ішінде тез таралып үлгерген бейне жазба көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Stan.kz.
Видеодағы кадрлардан үш жігіт өз аттестаттарын қоқыс жәшігіне лақтырып, "есіңде болсын - бітіру кеші болады, бірақ бірден емес" деген сөздерді айтқанын анық аңғаруға болады.
Отандық инста-пабликтердің бірінде жарияланған бұл видео оқырмандардың наразылығын тудырды. Желі пайдаланушылары қоқыс жәшігіне лақтырған құжатта мемлекеттік рәміздер - Қазақстан елтаңбасы бейнеленгенін айтып күйінді.
"Хайп үшін не істемейді, ақымақтар. Осы үшін жазалау керек. Аттестатта мемлекеттік рәміздер бар ғой", "Қазіргі жастар ту, елтаңба сынды рәміздердің қасиетін ұқпайды", "Бос мақтан үшін қоқысқа тастады, бірақ артынан келіп қайта алады. Біздің болашақ жастарымыз - осылар", - деп жазды желі қолданушылары.
Кейіннен белгілі болғандай түлектер жасаған қылықтары үшін кешірім сұрады. "Құрметті қазақстандықтар, мұғалімдер, біз жасаған қателігіміз үшін кешірім сұраймыз. Біз аттестаттың біздің болашағымыз үшін маңызды екенін түсінеміз. Елтаңбамызды құрметтейміз. Істеген ісіміз үшін өкінеміз", - деді мектеп бітіруші түлектер.