«ТҮРКІСТАН – ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ ҒОЙ!» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУДЫҢ ШАРТ...
«26 рет пышақ сұққан»: Шымкентте мектеп оқушысы аяусыздықпен адам өлтірген
Сурет ашық дереккөзден алынды
Шымкент қаласында жасөспірімге ауыр қылмыс жасады деген күдік келтірілуде, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Тергеу деректеріне сүйенсек, ол пәтер тазалауға келген әйелді өлтіріп, денесін көшедегі қоқыс контейнерінің маңына қалдырып кеткен. Сонымен қатар, мәйітпен жыныстық қатынасқа түсті деген айып та тағылып отыр.
Прокуратураның мәліметінше, 11-сынып оқушысы қалаға жаз айында құрылыс саласында жұмыс істеуге келген. 21 шілде күні пәтерде жалғыз қалып, Telegram арқылы «Шымкент жұмыс» атты топқа хабарлама жариялап, үй тазалайтын қыз іздеген.
Жәбірленуші – Диана Оңғарбаева – күнкөріс үшін үй тазалап жүрген. Ол көрсетілген мекенжайға келіп, жұмысын орындаған соң 15 мың теңге сұраған. Жасөспірім болса ақшаны анасы береді деп уәде еткен.
Қылмыс жәбірленуші пәтер ішінде болған сәтте жасалған. Күдікті асүйден пышақ алып, әйел адам артқа қарап тұрған кезде бірнеше рет жарақат салған. Тергеу дерегінше, ол мойын және бел тұсынан кем дегенде 10 рет пышақ сұққан.
Жәбірленуші сол жерде көз жұмған. Диана Оңғарбаеваның денесі тек он күн өткен соң Шымкенттегі қоқыс маңынан табылған. Тергеу күдіктінің марқұмды өлтіріп қана қоймай, ар-намысын таптағанын, сондай-ақ телефонын сатып жібергенін айтады.
Марқұмның анасы, Қарлығаш Оңғарбаева, бірнеше рет полицияға хабарласқанын жеткізеді. 28 шілдеде арыз жазып, келесі күні елордаға да үндеу жолдаған. 30 шілдеде телефон табылып, 31 шілдеде қызының денесі анықталған.
Күдікті өзінің кінәсін жартылай ғана мойындайды. Ол кісі өлтіргенін растағанымен, мәйітке қатысты айыпты жоққа шығарады. Алайда сот-медициналық сараптама нәтижесі нақты дәлел таппағанымен, марқұмның туыстары мұнымен келіспей отыр.
«Менің талабым – баланы өмірбақи соттау. Ол мәйітті зорлағанын мойындамай отыр. Ал алғашқыда қолға түскен кезде осы қылмысын мойындаған болатын. Қолындағы пышағын 26 жерге тыққан», - дейді марқұмның анасы.
Анасы кінәлі тұлғаны өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етуде.