Әзілкеш Нұрлан Сабуров Мәскеу әуежайында қамауға алынды, жеп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Ресейлік...
Ақын Серікзат Дүйсенғазының әкесі көз жұмды
Фото: әлеуметтік желіден
Ақын Серікзат Дүйсенғазының әкесі Мақсұт Дүйсенғазыұлы қайтыс болды. Қаралы хабарды ол Instagram парақшасында жеткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ақын әкесінен айырылғанын айтып, жаназаға қатысты мәліметті кейінірек жариялайтынын жазды.
«Бүгін асқар тау әкем Мақсұт Дүйсенғазыұлы Раббысына қайтты. Жаназасын қосымша хабарлаймыз», – деп жазды Серікзат Дүйсенғазы.
Айта кетейік, бұған дейін ақын әкесінің ауырып жүргенін хабарлаған еді.
Серікзат Дүйсенғазы қазақтың белгілі ақыны, айтыскер, әдебиеттанушы ғалым және ұстаз. Ол филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қызмет атқарады. Ақын айтыс өнерінде де танылып, республикалық және халықаралық деңгейдегі жыр додаларына қатысқан. Шығармашылығында ұлттық құндылықтар, руханият пен адамгершілік тақырыптары кеңінен көрініс тапқан.