Таразда 13 жастағы қызды ұрлауға оқталған күдіктілер ұсталды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
101

Таразда кәмелетке толмаған баланың қатысуымен алаңдатарлық оқиға болды: алдын ала мәлімет бойынша, екі ер адам қоғамдық көлік аялдамасынан 13 жастағы қызды алып кетуге әрекеттенген, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бейнежазба Instagram желісіндегі taraz_life парақшасында жарияланды. Куәгердің айтуынша, балаға екі бейтаныс адам жақындап, оны ертіп әкетпек болған. Сол сәтте аялдама маңында тұрған ер адам араласып, жағдайға тосқауыл қояды. Бұдан кейін белгісіз адамдар оқиға орнынан кетіп қалған.

Қыздың әкесі бейнебақылау камераларының жазбасын алған. Жазбаны қарап отырып, ол болған жайттың мән-жайын нақтылау үшін қызымен байланысқа шыққан — видеода сол әңгіменің бір бөлігі естіледі. Баланың сөзінше, ер адамдардың бірі ақ түсті бас киім киген.

Ата-аналардан балаларымен қауіпсіздік ережелері туралы әңгіме жүргізіп, осындай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін түсіндіру сұралады.

Полиция департаменті 13 жастағы қызды ұрлауға әрекеттенді деген күдікпен тұлғалардың «ізін суытпай» ұсталғанын хабарлады. Полицияға көлікпен жүрген екі белгісіз адамның аялдамада тұрған жасөспірімді алып қашпақ болғаны туралы хабарлама түскен.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу шықты. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп мәлімдеді ДП.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция балалардың қауіпсіздігіне қол сұғатын кез келген әрекет ерекше бақылауда болатынын және қолданыстағы заңнама аясында тоқтатылатынын атап өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында мектеп оқушысының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады MadeniPortal...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавл дәрігерлері сірке қышқылынан ауыр уланумен ауруханаға түскен бірден үш науқастың өмірі үші...