Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев өмірден өтті

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
968

Қазақ театр өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық әртісі, белгілі режиссер әрі педагог Есмұхан Несіпбайұлы Обаев өмірден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Есмұхан Обаев 1941 жылы 23 маусымда Алматы облысы Кеген ауылында дүниеге келген. Өнерге деген қызығушылығы ерте оянып, ол 1964 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын тәмамдады. Білімін Қазақ КСР-нің халық әртісі, белгілі ұстаз Асқар Тоқпановтың сыныбында жетілдірген.

Еңбек жолында ол қазақ театр өнерінің түрлі саласында жемісті қызмет атқарды. Қазақ мемлекеттік драма театрында режиссер болды, Мәскеудегі атақты МХАТ-та тағылымдамадан өтті. Сонымен қатар, Семей қаласындағы Абай атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері қызметін атқарды.

Кейін Т. Жүргенов атындағы Алматы театр және көркемөнер институтының ректоры болып, жас мамандарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Мемлекеттік қызметте де еңбек етіп, Қазақстан Мәдениет министрінің орынбасары болды. Ал 2001-2013 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директоры қызметін абыроймен атқарып, театрдың жаңа кезеңге қадам басуына ықпал етті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда жүріп келе жатқан көліктен секірген қызды басқа автокөлік қағып кеткен. Полиция оқиғаның...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары әлі де тіркеліп жатыр. Дегенмен елдегі эпидемиологиялық а...