Арқалықтағы су қоймасынан бойжеткеннің мәйіті табылды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
667

Қостанай облысы Арқалық қаласындағы су қоймаларының бірінен бойжеткеннің денесі табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полицияның мәліметінше, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қыздың жеке басына қатысты ресми ақпарат жарияланған жоқ. Алайда әлеуметтік желіде туыстары оның суреттерін бөлісіп, қаралы жазбалар жариялап жатыр.

Желіде марқұмның әпкесінің:

«Сұп-сұлу сіңлім-ай, неге бүйттің?..» деген жазбасы да тарады.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда.

ТАРИХ

Қазақстан Ұлы Дала тарихы мен өркениетін зерттеу бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты қолға алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы ақша-кредит саясатын жүзеге асыру қорытындысы т...