Жоғалған малды іздейміз деп алдап әкеткен: мұғалім баланы құрбандыққа шалмақ болған

ЖИ

PESTEL
99
Намибияда 33 жастағы мұғалім өзінің кәмелетке толмаған туысын діни-мистикалық рәсім жасау мақсатында тұншықтыруға әрекет жасады деген күдікке ілінді. Оқиға елдің Охангвена аймағында болған. Бұл туралы аймақтық полиция комиссары Оттили Кашуупулва мәлімдеді, деп хабарлайдыMadeniPortal.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті үш баланы жоғалған малды іздеуге көмектесуге шақырып, оларды көлікпен қалың бұталы жерге алып кеткен. Пикапты өзі басқарған. Өзінің 11 жастағы інісін алдыңғы орындыққа, ал қалған екі баланы көліктің жүк салатын бөлігіне отырғызған.

Оңаша жерге жеткен соң ер адам көлікті әдейі ағашқа соғып, жол апатын қолдан ұйымдастырған. Кейін алдыңғы орындықта отырған баланың мойнын бұрап, тұншықтыруға әрекет жасаған.

Алайда бала айла тауып, өзін өлген адам сияқты көрсеткен. Оның қаза тапқанына сенген күдікті баланы апатқа ұшыраған көліктің ішінде қалдырып, оқиғаның куәсі болған екі балаға ешкімге тіс жармауды, әйтпесе жазалайтынын айтып қорқытқан.

Содан кейін ол балаларды ертіп, үйіне қайтқан. Баланың ата-анасына ұлы жол апатынан қаза тапқанын хабарлаған.

Оқиға орнына ата-анасы мен полиция қызметкерлері жеткенде, көліктің іші бос болып шыққан. Кейін баланың артқы терезе арқылы көліктен шығып, көршісінің үйіне дейін еңбектеп жеткені және сол жерде болған жайтты айтып бергені анықталды.

Күдікті сол күні-ақ ұсталды. Жауап алу кезінде ол біреудің өзіне қан тауып беруді тапсырғанын, оның қандай да бір рәсім өткізу үшін қажет болғанын айтқан.

Қазіргі уақытта зардап шеккен бала Ээнхана аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде. Оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.

СПОРТ

25 қарашада Бакуде өткен УЕФА Чемпиондар лигасының «Сабах» пен «Барселона» а...

СПОРТ

Алматылық «Қайрат» УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда Швецияның...