Аша Матай Құрылтайдағы жұмысы туралы мәлімдеме жасады

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
123

Аша Матай депутаттық мандаттан бас тартқаны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желіде Аша Матайдың депутаттықтан бас тартқаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтып, халыққа үндеу жасады.

«Мен туралы жалған ақпарат таратыпты кейбіреулер. “Аша Матай депутаттықтан бас тартыпты” деп халықты шатастырып жатыр», – деді ол.

Аша Матай өзіне сенім білдірген азаматтарды алаңдамауға шақырып, халықтың мәселелерін Құрылтайдағы жұмысы барысында көтеретінін айтты.

«Сіздердің мұң-мұқтаждарыңызды маған айтыңыздар, жазыңыздар. Сіздердің маған артқан жүктеріңізді Құрылтайға арқалап барамын. Сіздер үшін күресемін, сынбаймын», – деді Аша Матай.

Ол сондай-ақ өзіне артылған жауапкершілікті сезінетінін және халық сенімін ақтауға ниетті екенін жеткізді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Халықаралық жастар күніне орай «Қала сенен басталады» деген ұранмен өтіп жатқан, 20 мың...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы Президентінің кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлығын іске асыру аясын...