Қыздарды зорлап өлтірген «маньяк» түрмеде өзіне қол жұмсады

Фото: 24kg

ЖАҢАЛЫҚТАР
2357

СИЗО-1-де қыздарды өлтіру ісі бойынша күдікті қайтыс болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

СИЗО-1-де «бішкектік маньяк» деген атпен танылған Кумарбек Абдыровтың мәйіті табылды. Бұл туралы 24.kg-ке дереккөздер хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Қазіргі уақытта ҚАЖМ (ГСИН) бұл ақпаратқа ресми түсініктеме берген жоқ.

Кумарбек Абдыров былтыр күзде 17 жастағы Айсулууның қаза болуынан кейін ұсталған. Тергеу деректеріне сәйкес, ол бұл қылмысты, сондай-ақ әр жылдары жасалған бірқатар ауыр қылмыстарды мойындаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...