Қырғызстанда алғаш рет Шыңғыс Айтматов туралы көркем фильм түсіріледі

Фото: Sputnik.kg

ЖАҢАЛЫҚТАР
1641

Қырғызстанда алғаш рет прозашы, сценарист, драматург Шыңғыс Айтматов туралы көркем фильм түсіріледі, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеп.

Мәдениет министрлігінің мәліметінше, фильмді жас режиссер, қоюшы-оператор Қаныбек Қалматов түсіреді. Ол жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы көркем фильм түсіруге ресми түрде эксклюзивті құқыққа ие болды.

«Жоба кәсіби ортада қызығушылық тудырды. Қаныбек Қалматов Шыңғыс Айтматовтың өмірбаянын таспалауға ресми түрде эксклюзивті рұқсат алды. Тиісті құжатқа Қырғызстан халық жазушысының ұлы Эльдар Айтматов қол қойды», деп хабарлады ведомство.

Жаңа жоба Шыңғыс Төреқұлұлының өмірінің негізгі кезеңдерін қамтитын толықметражды өмірбаяндық драма болмақ. Нақты оқиғаларға негізделген фильм 2026 жылы жарыққа шығады.

Қаныбек Қалматов — қырғыз кино тарихындағы ең көп табыс әкелген «Бейиш эненин таманында» фильмінің бас операторы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...