Аша Матай соңғы жағдайларға қатысты алғаш рет үн қатты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
99

Аша Матай соңғы жағдайларға  қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әнші әрі тележүргізуші Аша Матай Ұлттық құрылтай депутаттығына кандидат ретінде тіркелуіне қатысты қоғамда туындаған қызу пікірталастардан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында осы уақытқа дейін не себепті үнсіз болғанын түсіндіріп, бұған сайлау туралы заң талаптары себеп болғанын айтты.

«Көпшілік менің осы уақытқа дейін неге ашық сөйлемегенімді түсінбеген болар. Себебі заң бәріне бірдей. Кандидаттар тіркеліп жатқан кезеңде сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге болмайды», – деп жазды Аша Матай.

Оның айтуынша, 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:00-ге дейін кандидаттарды қолдауға немесе қолдамауға шақыруға, өз кандидатурасын насихаттайтын материалдар жариялауға және сайлаушыларды белгілі бір таңдау жасауға үгіттеуге заңмен тыйым салынған.

Сондай-ақ ол мұндай талаптарды бұзу заңда көзделген жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан заң талаптарын құрметтеп, осы уақытқа дейін үнсіздікті таңдағанын жеткізді.

Аша Матайдың сөзінше, 23 шілде сағат 18:00-ден бастап сайлауалды үгіт-насихат кезеңі ресми түрде басталған. Енді ол өз ойын ашық айтып, қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұстанымын еркін жеткізе алатынын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Аша Матайдың депутаттыққа кандидат болуы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік бұл шешімге қатысты түрлі пікір білдірген болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында жантүршігерлік қылмыс тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, Түлкібас ауданында мү...

ЖАҢАЛЫҚТАР

9 маусымда Щучинск қаласында болған қайғылы оқиға қоғамның назарын аударды. Екі баланың анасы Әсем Ш...