Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

ЖАҢАЛЫҚТАР
1638

Қазақстандық Нариман Құрбанов Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бас жүлде алды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Құрлықтық додада ол ат снарядындағы сайыста 14.933 ұпаймен жеңімпаз атанды.

Нариман Құрбанов 1997 жылы дүниеге келген. 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері болды. 2023, 2024 жылғы Азия чемпионы болса, 2022 жылғы Азия ойындарында қола жүлде алды.

Сондай-ақ ел құрамасынан ат снарядындағы жаттығуда Ілияс Азизов (13.933 ұпай) үздік үштікті түйіндесе, Оңтүстік Корея өкілі Ван Хур (14.633 ұпай) екінші орынға жайғасты.

Айта кетсек, бұдан бұрын Азия чемпионатында қазақстандық Милад Карими еркін жаттығудан күміс медаль алды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...