Asar-ume қайырымдылық қоры мен Перизат Қайрат туралы тың дерек шықты

Коллаж: ulysmedia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
463

Asar-ume қайырымдылық қоры Перизат Қайраттың ісі бойынша жәбірленуші деп танылды, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Asar-ume қайырымдылық қорының қайырымдылық саласына үлкен соққы болғанын instagramпарақшасында мәлімдеді.

«ОО «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» басшысының қаржы жымқыру ісі қоғамда кеңінен белгілі болды. Біз сенгіміз келмейтін фактілер шындыққа айналып, бұл жағдай елдегі қайырымдылық саласына үлкен соққы болды. Бұл оқиға игі істермен айналысатын әр адамға әсерін тигізіп, қайырымдылыққа деген сенімге күмән ұялатты», - деді instagram парақшасында.

ОО «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» жасаған алаяқтық әрекеттер біздің қорымызға да әсер етті. Тергеу нәтижесінде ОФ «Асар Үме» ресми түрде жәбірленуші тарап деп танылды. Істің мән-жайын толық жариялай алмаймыз, бірақ әділдік орнайтыны сөзсіз – кінәлілер заң алдында жауап береді, делінген жазбада. 

Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайраттың «Biz Birgemiz» қоры жабылатынын хабарлаған едік. Волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр.

16 қараша күні Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайрат Палестинаға деп ақша жинап, тағы 200 млн теңге жымқырғанын растады.

Перизатпен бірге «Amanat» партиясының да аты қатар аталып, ел ішінде түсініспеушіліктер пайда болды. Осыған байланысты «Amanat» партиясының басшылығы өздерін «Biz Birgemiz» қорының құрылтайшысы саналмайтынын мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында өртенген көлік ішінен адамның жанып кеткен мәйіті табылды, деп хабарлады MADENIPORT...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды облысында аналары қыздарын 60 жастағы ер адамға жезөкше болуға сатқан, деп хабарлады ...