Таразда мектеп оқушысын мешіттің артында зорлап, кейін кәмелетке толмаған қыз жүкті болған, деп хаба...
«Жаңбыр, бұршақ»: Қазақстанда күн күрт суытады
ашық дереккөзден алынған
Циклон Қазақстандағы аптап ыстықты найзағайлы жаңбырмен алмастырып, ауа температурасын тіпті елдің оңтүстігінде де төмендетеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
«Циклонның әсерінен Қазақстанда шілденің аптап ыстығы найзағайлы жаңбырмен ауысты. Тіпті елдің оңтүстігінде де ыстықтың бәсеңдеуі байқалады», – делінген хабарламада.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері циклон еліміздің көптеген өңірлеріне әсерін тигізеді, соның салдарынан жаңбыр жауады. Солтүстік пен шығыста кей жерлерде нөсер жаңбыр күтіледі, кей аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.
2 тамыздан бастап циклонның орнына солтүстіктен антициклон жылжи бастайды. Ол жауын-шашынның тоқтауына және солтүстікте күндізгі ауа температурасының +15…+20 градусқа дейін төмендеуіне алып келеді.