Әскерге кетіп комадан бірақ шыққан сарбаздың жағдайы белгілі болды

Фото: Видеодан кадр

Жаңалықтар
673

2023 жылдың соңында ми жарақатынан кейін комаға түскен сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайы жақсарды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы Ербаян Мұхтардың заңгері Инга Иманбай айтты. Оның мәліметінше, Ербаянның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ екен. Ыстамбұлда Ербаянның басына сәтті ота жасалыпты.

"Ол салмақ қосып, роботтың көмегімен қозғала бастады. Өз бетімен аздап тамақ іше бастады. Дәрігерлердің болжамы жақсы, бірақ толық жазылу үшін уақыт қажет", – деді Инга Иманбай.

Ербаян Мұхтар ұлттық ұланның Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген. 2023 жылдың желтоқсанында сарбаз ми жарақатын алып, содан кейін комаға түсті. Әскери бөлім басшылығы сарбаздың туыстарына Ербаянның дәретханада құлап, басын еденге соғып алғанын айтқан. Алайда сарбаздың жақындары ұлдарының абайсызда құлап қалғанына сенбейді. Ішкі істер министрлігі тергеу барысын өз бақылауына алды. Қазақстандықтар Ербаянның емі үшін 230 млн теңге жинап бердң. Қыркүйектің соңғы күндері сарбаз Түркияға ем алуға кеткен болатын.

 

 

 

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде жақсы танымал имам, дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан Байжігітұлы АҚШ-та Ақ үй...

Жаңалықтар

Адвокат Бишімбаевқа түрмеде әділетсіз көзқарас бар екенін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Stan...