Жамбылда марқұм әкесінің бауырынан жүкті болған 13 жасар қыз босанды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1424

Ақпан айында Жамбыл облысында 13 жастағы қыз марқұм әкесінің бауырларынан жүкті болып, бала босанғаны белгілі болды. Осы жағдайға қатысты заңгер Ләззат Рақышева үн қатты, деп хабарлайды Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Жас қыздың жантүршігерлік жағдайын бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева хабарлады. Ағаларынан зәбір көрген қыз жергілікті психологқа «өмір сүргім келмейді» деп бірнеше рет хат жазған. Алайда, психолог бұл хатқа аса мән бермеген. Ал анасы қызының қорлық көріп жүргенін тіпті байқамапты.

«Жамбыл облысында 13 жастағы қызды қайтыс болған әкесінің туған екі бауыры алты жыл бойы зорлап келген. Менің әріптестерім ол жерге барған. Өкінішке қарай, қыздың жүкті екені анықталып, ол босанды», - деді Зәкиева. 

Кеше, 3 маусым күні заңгер Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасына жазба жариялап, іссапармен Жамбыл облысын барып, зәбір көрген жас анамен жолыққанын айтты. 

«Сапарымызда осы кішкентай қызымызбен жолықтық. Тағдыры өте қиын. Әкесі қайтыс болғаннан кейін, 1-сыныптан бастап ағалары зорлай бастаған екен. Біздің @onestopservice_1qadam орталықтың адвокаттары оның құқығын қорғайды», - деп жазды ол. 

 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...