Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

ЖАҢАЛЫҚТАР
3174

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы.


«Аяулы аналар, арулар, сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! 

Сіздердің бойларыңыздағы шексіз сүйіспеншілік, мейірім мен нәзіктік әр адамның өмірін бақыт пен берекеге толтырады. Әрбір отбасының ұйытқысы бола отырып, сіздер жас буынға тәлім-тәрбие беруде және өскелең ұрпақтың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда ерекше орын аласыздар. 

Қоғам өмірінің сан түрлі салаларындағы еселі еңбектеріңіз арқылы сіздер Қазақстанның дамуына да орасан зор үлес қосып отырсыздар. 

Өміріміздегі қуанышты да жарқын сәттер үшін біздің шынайы алғысымызды қабыл алыңыздар! Біз сіздерді ардақтаймыз және жақсы көреміз! 

Бақуатты және бақытты болыңыздар!  

Ізгі тілекпен, Асқар Мамин».

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір әлеуметтік желілерде продюсер Баян Алагөзова мен жұбайы Тұрсын Алагөзовтың қазақ киносының аңы...