Әлеуметтік желіде 2,1 миллион оқырманы бар ресейлік блогер Эльмира Ілясова қазақстандықтарды қорлайт...
«Қарындасым деп айт»: Жаңа адамдар әлеуетті педофилдерді әшкерелеуін жалғастыруда
Фото: “Жаңа адамдар”
Бір жылдан астам уақыттан бері «Жаңа адамдар» қозғалысының 124 азаматтық бастамасы кәмелетке толмаған балаларға қызығушылық танытатын ер адамдарды анықтау бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Белсенділер әлеуметтік желілерде балалардың бейнесін пайдаланып, жасөспірімдермен әдейі байланыс орнататын және жеке кездесуге шақыратын ересектермен хат алмасады.
Кезекті тәжірибе аясында 13 жастағы қыздың аккаунты ашылды. Арнайы арандатусыз, қарапайым баланың парақшасы аз уақыт ішінде ересек ер адамдардың назарын аударған.
Ең белсенді хат жазғандардың бірі — 2000 жылы туған Сабиров Саруар. Ол баламен сөйлесіп отырғанын анық біле тұра, жас айырмашылығының маңызды емес екенін айтқан. Кездесу кезінде ол шындықты жасыруды талап етіп, көпшілік алдында өзін оның қарындасы ретінде таныстыруды ұсынған.
Кездесу алдын ала дайындалған квест-бөлмеде өтті. Сол жерде Саруарды «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері қарсы алып, барлық жиналған дәлелдерді — хат алмасуларды, ниеттерін және әрекеттерінің салдарын — көрсетті. Ол камерадан қашып, бетін жасыруға тырысты. Осы сәтте ол өзіне сенген басты қорғанынан — анонимділіктен — айырылды. Барлық материалдар тіркеліп, ары қарай тексеру үшін құзырлы органдарға тапсырылды.
«Жаңа адамдар» қозғалысының өкілі Калиева Алтынай бұл мәселеге қатысты өз пікірін білдірді:
«Педофилия — жеке жағдайлармен ғана шектелетін мәселе емес. Мұндай жағдайлар қоғам болып жатқанға көз жұма қараған кезде орын алады. Әр адамның таңдауы бар: бірі бұл видеоны жауып, өз өмірін жалғастыра береді, екіншісі — айналасында не болып жатқанын түсініп, “Бұл маған да қатысты” деп қабылдайды. Ал сіз қай жолды таңдайсыз?»