Ақтөбеде әскери институт курсанты қаза тапты

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1526

15 шілдеде Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтының курсанты аяқ астынан көз жұмды, деп хабарлады Madeniportal.kz.

«Ол парашаютпен жоспарлы оқу-жаттығу секірулерін орындау кезінде алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, секіру кезінде әскери қызметшінің парашюті ашылмай қалды», - деп жауап берді әскери институттың баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Әскери институт пен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан курсанттың туған-туыстарына көңіл айтып, оларға барлық қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады.

Басқа ақпарат құралдарында курсанттың бар болғаны 18 жаста екенін айтылып жатыр. Марқұм Астанаға қаласынан осы институтқа келіп оқып жатқан.

Айта кетейік, былтыр қараша айында да Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында қайғылы жағдай болған. Ұшу оқу-жаттығуы кезінде Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, авиаэскадрильяның нұсқаушы офицері қаза тапқан еді. Тікұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...